×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Илон Маск тарихтағы ең бай адам атанды

27.10.2021, 09:59
фото: Associated Press

SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск Forbes-тің ғаламшардағы ең бай адамдардың дәулетін есептеу тарихындағы ең бай адам атанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

25 қазанда Forbes Илон Масктің әл-ауқатын $271,3 млрд сомасына бағалады. Бұл жұма күнгіден 41,7 млрд-қа көп. Бұндай жағдай Tesla акциялары құнының 13%-ға күрт қымбаттауының арқасында да болды.

Осылайша, ол Джефф Безос пен Билл Гейтс сияқты бай-бағландарды артта қалдырды.

Forbes алғаш рет миллиардерлердің қазына-мүлкін 1982 жылы есептей бастады. Сол кезде АҚШ-тың ең бай адамы кеме магнаты Дэниел Людвиг болған. Оның дәулеті $2 млрд немесе қазіргі 5,5 млрд құраған еді.

Серіктес жаңалықтары