×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейдің 7 азаматы Түркиядағы орманды өртеді деп айыпталып отыр

27.10.2021, 09:30
Ресейдің 7 азаматы Түркиядағы орманды өртеді деп айыпталып отыр
фото: REUTERS

23 қазан күні Түркияның Анталья курортында орманды абайсызда өртеді деген күдікпен 7 ресейлік турист тұтқындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ал ТАСС мәліметінше, 26 қазанда олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Бұл туралы Халықаралық адам құқықтарын қорғау комитеті ресейлік бөлімшесінің вице-президенті Иван Мельников айтты.

Күдіктілер тергеу кезінде Түркияда, жергілікті тұрғындар берген баспанада тұрады.

Ресейліктер Антальядан 30 км жерде, Чагларджа ауданына сапар кезінде ұсталды. Сот келесі күні туристерді сотқа дейінгі тергеу кезеңіне қамау туралы шешім қабылдады. Ресейліктерге мемлекеттік адвокаттар мен аудармашы ұсынылды.

РФ бас консулдығы Анталья билігіне іс материалдарын ұсынып, тұтқындармен сөйлесу мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етіп, сауал жолдады.

24  қазан күні кешке Mash телеграм-каналы Түркияда ұсталған ресейліктердің видеосын жариялады. Туристердің айтуынша, олар табиғат аясында сапарлап жүргенде орман өртіне тап болған. Оны өшіруге тырысқан, одан кейін құтқару қызметін шақырған. Ұсталғаннан кейін оларға ағылшын тілін де білмейтін адвокат ұсынылған. Ал ресейлік консулдық олардың өтінішіне жауап та бермеген. Олар өрт қойғаны үшін екі жылдан жеті жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.