×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Қаңтар оқиғасынан кейін ұзақ уақыт жасырынып жүрген": полиция екі күдіктіні ұстады

08.02.2024, 15:35
ІІМ

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін, оның ішінде Қаңтар оқиғасына қатысушылар ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің хабарлауынша, былтырдан бері ел аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелген ұйымдасқан қылмыстық топтардың 19 көшбасшысы мен белсенді мүшеcі ұсталған. 7 ақпанда Алматы және Шымкент қалаларының аумағында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген қаңтар оқиғасының екі қатысушысын ұстаған. ІІМ хабарлауынша, олар Жұмагелдиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болып табылады.

– Ұсталғандардың бірі Самат Әмірбаев 2022 жылы Шымкентте кісі өлтіруге және сол қаланың басқа тұрғынына қатысты өзінше билік етуге қатысы бар деп күдіктелуде. Ол Түркістан облысының аумағында ұсталды. Оның кісі өлтіру фактісі бойынша сыбайластарының бірі 16 жылға сотталып, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жатыр. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші мүшесі Алматы әуежайында шекаралас елдің аумағынан келгеннен кейін ұсталды. Онда ол Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынған. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Еске сала кетейік, «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталған еді. Оның, тағы бірнеше адамның, экс-депутат Қайрат Құдайбергеннің соты жабық режимде өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары