Әнші, актриса әрі тележүргізуші Салтанат Серкебаева тұрмысқа шықты, деп жазады Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде сырға салу рәсімінен бейнежазбалар тарады.
Белгілі болғандай, құдалар Семей өңірінен екен. Олар қалың малға 2 млн теңге әкелген. Бұдан бөлек, Салтанаттың анасына гауһар әшекей тағып, әкесіне шапан жапты. Салт-дәстүрге сай өзге де жоралғыларды ұмыт қалдырмай, ақшалай берді.
“Қазақтың салты бойынша “өлі-тіріге” 200 мың. Бұрынғы кезде әжелеріміз құрақ құраған ғой. Қазір ондай заман емес. Он құрақ көрпені ақшалай берсек, 200 мың теңге”, – деп семейлік құдалар жолынан жығылмады.
Желі қолданушылары "Күштііі қыз, күлкісінің өзі сыңғырлап тұрады. Бақытты болсын!", "Жасандылық жоқ, қарапайым қазақтың қызы", "Қандай әдемі, ибалы, сүйкімді, сұлу. Бақытты, ұзақ ғұмыр тілеймін!", "Әдемі қыз осы, бақытты болсын" деген мәндегі пікір жазып, Салтанатқа бақыт тілеп жатыр.
Айта кетейік, Салтанат Серкебаева Мөлдір Әуелбекова жетекшілік еткен "Назар" тобында өнер көрсеткен. Сондай-ақ "Томирис" фильмінде Сақ патшайымының 15 жастағы кезін ойнаған. Ол сонымен бірге "Ищу TOQAL для мужа" комедиясына да түскен. Салтанат – "Түнгі студия" бағдарламасының қазіргі жүргізушілерінің бірі.