Қазір іс бойынша сот талқылауы болып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматыда алаяқтық жасады деп айыпталған ер адамға қатысты сот талқылауы жүріп жатқаны белгілі болды.
Сотта айыпталушы Алматының түрлі ауданының аумағында қылмыс жасағаны айтылады.
– Бірінші жәбірленуші Дәулет Тұрлыхановқа қатысты факті бойынша сотталушы жәбірленушінің үйінен ақша ұрлағаны анықталды. Сотталушы Бекқайыровқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды, - делінген хабарламада.
Істе тағы бір жәбірленуші – халық әртісі Роза Рымбаева.