×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Қазақстанда толық вакцина салдырған адамдардың саны 6 миллионға жуықтады

15.09.2021, 08:34
Фото: Ашық дереккөздерден

14 қыркүйекке дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның І компонентін 7 160 129 адам, ІІ компонентін 5 982 331 адам салдырған, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

ВАК сонымен қатар өткен тәулікте елде 4 123 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққанын хабарлайды. Ал жұқтырғандардың саны – 2930.

«15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (67 269 КВИ+ және 8 416 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 335 пациент стационарда болса, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 136 адамның жағдайы ауыр болса, 350 пациенттің жағдайы өте ауыр. 198 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары