Сот аталған іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана прокуратурасы сотта жеке компанияның бухгалтеріне қатысты үкім шығарылғанын хабарлады.
– Ол компания иелерін шетелде тиімді инвестициялар бар деп алдап, 385,9 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденген, - делінген хабарламада.
Ол барлық ақшаны казиноға ұтылған. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін бес жылға соттады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында аурухана бухгалтері сотталған болатын.