×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алдағы күндері елімізде 38 градус аяз болады

14.02.2024, 17:29
Фото: Pixabay.com

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 15-17 ақпанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еліміздің басым бөлігінде аяз болжануда. Арктикалық антициклон Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжиды және республиканың көп бөлігін біртіндеп қамтып, аязды ауа-райын әкеледі. 

15 ақпанда шығыста, 16 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен бұрқасын болжанады.

Батыста ауа температурасы түнде 12-30 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 30-38 аязға дейін, 16 ақпанда шығыста 18-35 аязға дейін, оңтүстікте 10-30 аязға дейін, 17 ақпанда оңтүстік-шығыста 15-28 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары