×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда ақылы жолдар қымбаттайды

15.02.2024, 13:43
Қазақстанда ақылы жолдар қымбаттайды
Фото: Kolesa.kz/Юлия Дербичева

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардағы тарифтердің алдағы уақытта көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марат Қарабаев мәлім еткендей, тарифтерді көтеру мәселесі наурыз айында қоғамдық талқылауға шығарылады.

Әрине, біз тарифті көтеруді жоспарлап отырмыз. Оның себебін түсіндіремін, өйткені 2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгерген жоқ, былтыр 20% өсім болды. Екіншіден, біздің тарифтерімізді басқа елдермен салыстырыңыз. Қазақстанда тариф 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде 7 теңге. Жолдар жақсы болуы үшін жолдарды дұрыс күтіп ұстау керек, - деді Қарабаев.

Тарифтер қаншаға өседі деген сұраққа жауап берген Қарабаев тариф өсімі екі-үш есе емес, белгілі бір пайызға көтерілетінін айтты.

Жолдарды күтіп ұстау үшін қосымша 1100 техника сатып алу керек, әрине, біз мұның бәрін бірден төлей алмаймыз. Бұл біртіндеп болады, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Көлік министрлігі ақылы жолдар тарифін 20 пайызға көтерген болатын.