×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

ҰБТ деректерін көшіргендер сотталды

16.02.2024, 10:10
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ұлттық бірыңғай тестілеудің заңмен қорғалатын ақпаратын көшіріп алған адамдарға үкім шыққанын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұсталғандар не істеп қойды?

Сотталған адамдар 2023 жылы ғылым және жоғары білім министрлігінің үлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, көшіріп алған. Олардың ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұққаны дәлелденген.

Үкім

Айыпталушылар қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімімен және 208-бабы 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған. «С», «Ж» және «Н» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енген.

– Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары