×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматы әуежайында рейстер тоқтатылып жатыр

17.02.2024, 08:06
2gis.kz

Қолайсыз ауа райы салдарынан 750-ге жуық жолаушы Алматыдан ұшып кете алмай жатыр. Оңтүстік астанада 5 әуе рейсі тоқтатылып, 60 әуе рейсі кестеден кешігуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаматтық авиация комитеті қазіргі уақытта әуежайда ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Ауа-райы жақсарған сайын рейстердің кешігу жағдайы тұрақтанады. Авиакомпания өкілдері жұмыс орнында және жолаушыларға барлық қажетті ақпаратты ұсынады", - деп түсіндірді комитет басшылығы.

Хабарламада кешіктірілген рейстер кейінгі рейстердің тізбекті кешігуіне әкелуі мүмкін делінген.

Кідірістер ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орын алғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары