×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Мәселе еркектік жолмен шешілді" - әнші Кенжебек алимент төлеуі тиіс

17.02.2024, 15:18
"Мәселе еркектік жолмен шешілді" - әнші Кенжебек алимент төлеуі тиіс
instagram.com/sabrs.mom Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/101257/

Танымал әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы сүйіктісі Жәмила әлеуметтік желісінде қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, араға 3 ай салып сотта жеңіске жеткен.

"Көреміз” бағдарламасы мен оның жүргізушісі Руслан Өтепбай, менің адвокатым Нұрмұхамбет Айдынның арқасында 12.02.2024 жылы біз сотта жеңіске жеттік және менің Сабырдың әкесіне қойған талаптарымды орындауға ҚР Заңы бойынша міндеттелді. 

 Менің ұлым әкесімен болған қақтығыстарға қарамастан өзінің шығу тегін біледі. Олар мәселені заң бойынша, былайша айтқанда, еркектік жолмен шешті.

Ал менің алиментке қол жеткізгенім дым да ұят емес, бұл тіпті Қазақстан үшін жеңісті кейс, біз айда мақсатымызға жеттік, менімен бірге шын жүректен қуанған әрбір жанға рақмет", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, жастар арасында ерекше дауысымен танылған зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жары Жәмила әлеуметтік желі арқылы Сабыр есімді баланың әкесі Нұрдолдай екенін жария еткен болатын.