World Рopulation Review ұйымының талдаушылары тыйым салынған заттарды көп тұтынатын елдердің рейтингісін жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан бұл тізімде сегізінші орында тұр. “Біздің елде адамдар есірткіге байланысты орта есеппен 3,7 жыл салауатты өмірден айырылады”, делінген хабарламада.
Бірінші орында – АҚШ. Екінші орынды Эстония иеленді, одан кейін Беларусь, Моңғолия, Канада, Гренландия және Ресей орналасқан.
Зерттеушілер әлемдегі ең көп қолданылатын есірткіге алкоголь мен марихуана да кіретінін атап өтті. Рейтинг БҰҰ-ның есірткі туралы Дүниежүзілік есебінің негізінде жасалды.