×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Үлбі өзенін ластаған»: «Казцинкке» 50 миллион теңге айыппұл салынды

19.02.2024, 09:55
Фото: ашық дереккөз

2024 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластануы бойынша «Казцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне жоспардан тыс тексеру аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті мәлім етті.

Жоспардан тыс тексеру кезінде Экология департаменті мамандары алған сарқынды сулардың сынамаларында марганецтің 4,5 есе артық мөлшері анықталды.

Сондай-ақ тазарту құрылыстарын дұрыс пайдаланбау салдарынан Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алғаны анықталды, жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «Қазцинк»-ке ЖШС-не 50 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Казцинк»-ке ЖШС заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

Серіктес жаңалықтары