×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Қазақстанда суицидке итермелегендер 9 жылға дейін сотталады

21.02.2024, 09:13
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобасындағы өзгерістердің бірі – суицидтің алдын алу мақсатында қылмыстық кодекске жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілген. Олар: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау. Мысалы бұдан бірнеше жыл бұрын «Синий кит» немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челенджге айналған еді. 

– Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, – дейді заң жобасын қорғаған депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. 

Заңға қандай нормалар ұсынылып отыр

Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін айтқан еді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынады:

  • Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен  қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
  • Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы бақ, немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.
  • отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
  • педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
  • суицидты насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей ақ,  кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2023 жылы тұрмыстық-зомбылықтан қанша әйел көз жұмғаны туралы мәлімет шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары