×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қымбатшылық: АШМ неліктен халықты жергілікті өніммен қамти алмай отыр

21.02.2024, 16:00
Қымбатшылық: АШМ неліктен халықты жергілікті өніммен қамти алмай отыр
Коллаж Ulysmedia

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан қазір өзін жергілікті алмамен 80% қамтамасыз ететінін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер министрден қазақстандықтар қашан басқа елдерден әкелінетін жемістердің орнына жергілікті жеміс, көкөністерді сатып алатыны сұралған. Өйткені қазір базарлар мен дүкен сөрелерінде негізінен Қытай өнімдері толып тұр.

"Біз дәл осы бағытты қолға алдық. Қазір алманың өзімен 80% қамтамасыз етілдік. 40-50% болған кезде проблемалар болды, несие берілді, мәселені қолдау жөнінде шешім қабылданды. Қалған жемістер бойынша да жоспарымыз бар", - деді Сапаров. 

Сондай-ақ Сапаровтан журналистер осы көктемде көкөністердің жетіспеушілігі және олардың бағасының өсуі проблемалары болмай ма деп сұрады. Министр қазір дүкендердегі картоп келісі 120 теңгеден аспайтынын айтты. 

"Былтыр нәтиже жақсы болды. Әлі де жақсартып, сапалы тұқым алу керек. Қызанақ пен қиярды да. Егер біз қазір қаржыландыру мәселесін шешсек көктемгі егіс жұмыстарында (...) бізде кредиттер жетіспесе, онда біз барлық дақылдардың өндірісін ұлғайтамыз", - деді министр. 

Министр бірнеше жыл бұрынғыдай картоп пен сәбіз бағасының 600 теңгеге дейін көтерілмейтініне кепілдік бере ала ма деген сұраққа АШМ басшысы мұндай кепілдіктер бере алмайтынын айтты, өйткені дақылдардың құнына көп фактор, соның ішінде ауа-райы-климаттық жағдайлар әсер етеді.