×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Сенатор Өзбекстан алдында су тәуелділігін азайту жолын ұсынды

28.10.2021, 11:27
Фото: Ашық дереккөзден

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Қызылорда облысындағы су тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Депутаттың айтуынша, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырдария өзені бассейнін сумен қамтамасыз етуге және суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайына тікелей байланысты. Облыс трансшекаралық өзеннің төменгі ағысында орналасқан. Сондықтан оның жоғарғы ағысынан келетін су көлеміне тәуелді.

Мұрат Бақтиярұлы осыған байланысты Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттерге су тәуелділігінің төмендеуі өңір үшін өте маңызды екенін мәлім етті. Депутаттың пайымдауынша, Қараөзек және Күміскеткен су қоймаларын салу – бұл мәселені шешуге көмектеседі.

«2022 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерінде Күміскеткен су қоймасына және Қараөзек су қоймасының құрылысын бастауға 500 млн теңге қаржы қарастырылуын сұраймыз. Сонымен қатар 30 мың гектар суармалы егістік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК су жеткізіп беру қызметі есебінен Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында су тоспасын қайта салуға ықпал жасауыңызды өтінеміз»,- деді депутат.

Серіктес жаңалықтары