×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қайрат Сатыбалдының «мемлекетке қайтарған» қонақ үйі жайлы тың дерек шықты

28.02.2024, 18:27
Коллаж: ulysmedia.kz.

Алматыдағы қонақүйді сатып алу-сату туралы мәмілені Қайрат Сатыбалды Астана қаласының тергеу изоляторында жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпарат қайда айтылды?

Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында жеке компания басшысының өкілі Асқар Өтешов Алматыдағы қонақүй рейдерлік жолмен қалай тартып алынғанын айтып берді.

– 2018 жылы ЖШС (Өтешов мүддесін қорғайтын компания) Алматыда қонақүй кешенінің құрылысын аяқтау үшін банктен (капитал банк) несие алған. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖШС несиені толығымен төледі. Өкінішке қарай, банк кейінге қалдыру құқығын бермей, несиені толық қайтаруды талап етті. Осыдан кейін банк істі коллекторлық агенттікке тапсырып, олар өзара шарт жасасқан. Осы жерде қайдан екенін білмеймін, "Қазаэронавигация" мекемесі пайда болады. Мемлекеттік кәсіпорын банктің шоттарына шамамен 14 млрд бюджеттік теңге орналастырғаны белгілі болды. Банкте жағдай нашарлай бастағаннан кейін кәсіпорын басшысы ақшаны қайтаруды талап еткен. Ақша қайтарылмаған.

Қылмысты жасыру үшін банк келісімшарт жасасады да, оны азаматтық-құқықтық мәмілемен жасырады. Коллекторлар сауда-саттық жариялап, онысы сәтсіз деп танылды. Содан кейін ол компанияның мүлкін өз меншігіне қауіпсіз түрде ала салды. Бір айдан кейін оны Қайрат Сатыбалды компаниясына сатады. Содан кейін 2021 жылдың желтоқсанында Сатыбалды қонақ үйге көп адаммен келді. Олар қонақ үйді қоршап алып, директорға барып, орталық серверлерді өшірді. Балағы қысқа, сақалды біреулермен келді. Осыдан кейін ғимаратты айналып өтті. Дауыстап "мына жерде  кафе бар, бізде прачечная" болады деп сөйлеп жүр. Қонақ үй қызметкерлеріне "бұрынғыдай жұмыс істецй беріңдер, тек бұл жердің иесі ауысады" деген, - дейді Өтешов.

Бұдан кейін қаржы мониторингі агенттігіне қонақ үй рейдерлік жолмен тартып алынғаны жөнінде арыз жазылған. 2022 жылы қылмыстық іс қозғалған.

– Іс 11 ай бойы тергелді. Осы уақыт ішінде менің сенім білдірушім жәбірленуші деп танылды. Қонақ үй 11 миллиардқа бағаланады. Коллектор бұған дейін 5 млрд-қа, банк 9 млрд теңгеге бағалаған.

Тергеу барысында мүлікке тыйым салу туралы өтініш берілді. Ақыры, Алматы полиция департаментінің тергеушісінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жасалған барлық мәмілелерді тоқтата тұру туралы қаулы шығады. Біраз уақыттан кейін тергеушінің қаулысы жойылатын хат келді.

Содан кейін қызықты эпизод. Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" ісі бойынша ұрлық жасағаны үшін сотталды. Сол кезде үкім күшіне енді. Сатыбалды астананың тергеу изоляторында болды. Бұл ретте бір күні нотариус тергеу изоляторына келіп, Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына мәмілелер жасасу құқығын беретін сенімхатты куәландырады. Содан кейін келісім жасалады да, оған сәйкес Сатыбалды қонақ үйді сатып алады, содан кейін оны мемлекетке береді. Үкім заңды күшіне енген кезде тергеушілер мүлікті, оның ішінде қонақүйді тәркілеуге жатқызады.. Сатыбалды "қонақ үйдің заңды иесі" атанып, оны мемлекетке бүп-бүтін күйде мемлекетке тапсыра салады, - дейді Өтешов.

Сатыбалды не үшін сотталды?

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Әу баста тұңғыш президенттің жиенін тұтқындау кезінде оның басқа қылмыстарға да қатысы болуы мүмкін екені айтылған-ды. Антикор сотқа дейінгі тергеуді былтыр тамыз айында аяқтады. Ведомство өкілдері «тергеу барысында мемлекетке жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден асатын немесе 500 миллион АҚШ долларынан асатын заңсыз сатып алынған активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды», деп мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Сатыбалды «салықтар мен кедендік төлемдерден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша» қосымша тергеліп жатқаны хабарланды.

Ал 2022 жылдың қыркүйегінде Астанадағы Байқоңыр ауданының соты үкімді жариялады. Қайрат Сатыбалды қылмыстық істің тағы төрт фигуранты – ОКҚ директорлар кеңесінің төрағасы Марат Мұхамеджанұлымен, ОКҚ президенті Гайни Бекетовпен, «Қазақтелеком»АҚ корпоративтік бизнес директоры Леонид Муравьевпен және спортшы Шыңғыс Қонарбаевпен бірге екі компанияға – «Қазақтелеком» АҚ және «Көлік қызмет көрсету орталығы» АҚ-ға ұрлық жасады және мүліктік зиян келтірді деген айыппен кінәлі деп танылды.

Сот сотталушыларға «Көлік қызмет көрсету орталығы» компаниясынан 28 миллиард теңгеден астам қаражат ұрлады және «Қазақтелеком» компаниясына 12 миллиард теңгеден астам мөлшерінде материалдық залал келтірді деген айыпты дәлелдеді.

Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді. Президентке оның мемлекеттік наградалары мен ҰҚК генерал-майоры атағынан айыру туралы ұсынылды. Сондай-ақ 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды. Бұл істің қалған қатысушылары шартты мерзімге сотталды. Бекетов пен Мұхамеджанұлы 6 жыл, Муравьев пен Қонарбаев 2,5 жыл «арқалады».

Серіктес жаңалықтары