Германия Қазақстанға мұнай импортын 2 млн тоннаға дейін арттырғысы келетінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Германиядағы мұнай транзиті мәселесіне түсініктеме берді.
– Қазіргі уақытта біз "Дружба"мұнай құбыры арқылы шамамен 1 млн тонна тасымалдадық. Осы жылы Ресей аумағы арқылы транзитті қамтамасыз ету үшін ресейлік әріптестермен көлем келісілді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта ГФР тиісті компанияларынан жылына 2 млн-ға дейін көлемді ұлғайту жөнінде сұрау салып отыр. Біз осы жылы осы транзитті жүзеге асыру мүмкіндігі бойынша әріптестерімізбен алдын ала консультацияларды бастадық, - деді ол.
Бұған дейін Қазақстанның Германияға мұнай экспортын күрт ұлғайтатыны хабарланған болатын.