×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Ресейлік диплом көп жерде жарамсыз»: спортшы Тұрсынбаева Қазақстанда оқитын болды

07.03.2024, 11:43
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстантық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ресейге салынған халықаралық санкцияларға байланысты оқуын Қазақстанда жалғастыратын болды. Ол бұрын Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқыған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлем вице‑чемпионы Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтаналиева "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында қызы халықаралық санкцияларға байланысты МГИМО‑дан қазақстандық жоғары оқу орнына ауысуға мәжбүр болғанын хабарлаған.

Тұрсынбаева – Этери Тутберидзенің шәкірті. Оның басшылығымен спортшы 2019 жылы әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алған. 2020 жылдың күзінде Тұрсынбаева денсаулығына байланысты спорттық мансабын аяқтағанын жариялады. Сол жылы ол МГИМОҒА оқуға түсті. Қазір ол Қазақстанда тұрады, жұмыс істейді. Мәнерлеп сырғанау мектебін дамытады, сондай-ақ жоғары білім алады.

– Менің Лизам басқа жоғарғы оқу орнына – Қазақстандағы КИМЭП университетіне ауысты. Бірінші курстан кейін де. Мәскеудегідей жақсы оқиды, – дейді анасы.

Спортшының Мәскеуден Қазақстанға көшуінің себебі тек халықаралық санкцияларда. Өйткені, МГИМО дипломы Америкада, Канадада, Еуропа елдерінде жарамсыз. Яғни, бұл диплом бойынша көп елде жұмыс істеу мүмкін емес. Тек ТМД-да жұмыс істеуге болады.

Спортшының халықаралық журналист мамандығы бар. Әлемдік деңгейдегі мансабы да. Элизибет кейін жаттықтырушы ретінде де спорт саласында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары