×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ағамды ықпалды адамның туысы пышақтап өлтірді»: ШҚО тұрғындары президентке жүгінді

07.03.2024, 13:51
«Ағамды ықпалды адамның туысы пышақтап өлтірді»: ШҚО тұрғындары президентке жүгінді
Скриншот

Журналист Нұртас Солтанұлы әлеуметтік желіде туған ағасы Жарасты Бауыржан Нурмуханов атты ауылдасы өлтіріп кеткенін жазады. Оның мәліметінше, содан бері 4 тәулік өтсе де, күдіктіні қамауға санкция берілмеген, тек полицияға бағынбағаны үшін ғана әкімшілік іспен қамаған.

Оқиға Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында болған.

Журналист күдікті бұған дейін де 2 адамды өлтіріп, жеңіл жазамен құтылғанын хабарлайды.

Оның туыстары өте ауқатты және ықпалды адамдар. Мысалы, немере ағасы Нурмуханов Бакыт Маратович ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары. Істі тергеп жатқан тергеушілер оның ауылдастары, жергілікті РОВД бастығы Жандос Кушкинчинов, Марқакөл аудандық прокурорының орынбасары Ержан Азимбаев та, бірі Нурмухановтардың ауылдастары, – дейді Нұртас Солтанұлы.

Төмендегі марқұмның қызы Сая президенттен көмек сұрайды. Олар істің әділ тергелуін талап етеді

Жазбаға президенттің көмекшісі Руслан Желдібай мен кеңесшісі Берік Уәли назар аударып, іс қатаң бақылауға алынғанын хабарлады.

Ал Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті күдіктінің “із суытпай” ұсталғанын жазғанымен, нақты қай кодекстің қай бабымен іс қозғалғаны жөнінде ақпарат берген жоқ.