Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Ясин Экрем Серим Зенгезур дәлізінің ашылуымен түркі әлемі үшін жаңа дәуір басталуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.
Түрік дипломаты Бакуде инвесторлармен және кәсіпкерлермен кездесу кезінде осындай мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, жаңа көлік дәлізі түркі әлемін нығайтуда маңызды рөл атқарады.
"Зенгезур дәлізі" немесе "Сюник дәлізі", "Мегрин дәлізі" деп аталатын көлік дәлізінің жобасы Әзірбайжанның бастамасы болып табылады.
Оған сәйкес, Арменияның Сюник облысының аумағы арқылы шамамен 40 км көлік маршруты пайда болмақ. Бұл дәліз Әзірбайжанның батыс аудандары мен оның Нахичеван автономиялық республикасының эксклавы арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етудің әлеуетті құралы ретінде қарастырылады.
Екінші Қарабақ соғысы аяқталғаннан кейін Әзірбайжан мен Түркия бұл бастаманы белсенді түрде қолдап келеді. Ал Армения оған қарсы шығып, дәліз тұжырымдамасы үш жақты форматта қол қойылған атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қайшы келеді және үгіт-насихат нысаны болып табылатынын алға тартқан.