×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Елорда әкімдігі тұрғындарды жарықты бір сағатқа сөндіруге шақырды

11.03.2024, 16:09
Фото: depositphotos.com

Астанада 23 наурыз күні «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Іс-шара жыл сайын Астана тұрғындары тарапынан қолдау табады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, «Жер сағаты» акциясы 23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өткізіледі. Астаналықтар ғаламшардың болашағына бейжай қарамай, аталған уақытта жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіріп, маңызды акцияға атсалысуға шақырылады.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін оқиға, оған бүкіл әлемнен 2 млрд-тан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Астанада мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен қатар акцияны сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі спорт кешендері мен бизнес субъектілері қолдайды.

Серіктес жаңалықтары