×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Елімізде жүргізуші куәлігін алу тәртібі күшейтіледі

29.10.2021, 14:33
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«24 қазанда Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болдым. Шынымды айтсам, жемқорлыққа жол беретін факттарды байқадым, себебі адамдарға теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі беріліпті. Мұндай жағдайлар көп те емес шығар, бірақ қанша тіркелгенін тағы білмейміз», - деді министр.

Бағдат Мусин аталмыш процедураны өзі өтіп, жүргізуші куәлігін алатын қазақстандықтар теориялық және практикалық емтихандарды айналып өте алатынына көз жеткізген.

«Қазір біз мұндай амалдардың жолын жаптық. Мәселен, кеше ғана елордада бар-жоғы үш-ақ жүргізуші куләгін алды. Бақылауды күшейтіп, қосымша адамдарды қойдық. Дәл сол жүргізуші куәлігін алатын адам кіретініне көз жеткізгіміз келеді. Теориялық емтихандарға келгенде алдағы уақытта биометриялық идентификацияны қойған жөн екен. Практикалық емтихандарды да тапсырғанда дәл сондай шара қабылданады», - деді ол.

Мусин Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібі күшейтілетінін мәлім етті.

«Халық мемлекеттік қызметтерді жеңілдету WhatsApp арқылы жүргізуші куәлігін алып, техникалық байқауды сол арқылы алу үшін қолға алынбағанын түсінуі керек. Бұл бағытта ішкі істер министрлігімен жоспар әзірлеп, теориялық және практикалыққ емтихандардың талаптарын күшейтуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары