×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Жасырмаймын, алаңдатады»: Тасмағамбетов Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу ықтималдығы жайлы

12.03.2024, 14:16
Фото: Ашық дереккөзден

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресейлік ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Арменияның ұйымнан шығу ықтималдығы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

— Ереван, шынында да, кейінгі кезде ҰҚШҰ хатшылығының жұмысына қатыспай жүр. Бұл Арменияның қазіргі сатыдағы шешімі, әлбетте, біз халықаралық ұйым ретінде егемен елдің кез келген шешіміне құрметпен қараймыз. Десе де, ұйымның жұмысы толыққанды жалғасып, ҰҚШҰ нормативті базасына сәйкес, процедуралардың бәрі сақталып келеді. Қабылданған шешімдер жайлы хатшылық Еревандағы тиісті құрылымдарды жұмыс режимінде хабардар етеді. Армения ресми тұлғаларының аталған мәлімдемелеріне қатысты Ереваннан хатшылыққа ұйымға мүшелікті тоқтата тұру туралы ешқандай ресми мәлімдеме түспегенін атап өтемін, – дейді Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, хатшылық ұйымда қабылданған регламенттер мен процедураларға сәйкес жұмыс істейді.

– Біз, әрине, сарапшыларымыздың және оларға қолжетімді құралдардың күшімен Армения айналасындағы жағдайды және Арменияның ұйыммен қарым-қатынасын талдаймыз. Жасырмаймын, Армения элитасының кейбір оқиғалары мен көңіл-күйлері алаңдатады. Бірақ біз Арменияның саяси басшылығының саяси байсалдылығынан үміттенеміз. Армения біздің одақтасымыз болып қала береді, барлық міндеттемелер күшінде қалады, – дейді ол.

Еске сала кетейік, Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШҰ) ұйымындағы мүшелігін уақытша тоқтатқан еді. Елдің премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында осылай деген. Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ереванға қатысты, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмағанын және ел оны назардан тыс қалдыра алмайтынын атап өтті. Арменияның шартқа қатысуы тоқтатылды.

Пашиняннан тілші Армения аумағында Ресей әскери базасының жабылуы мүмкін бе деп сұрады. Премьер бұл мәселе күн тәртібінде тұрмағанын айтады.

Серіктес жаңалықтары