×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Адвокат айыпталушыны қорғап БАҚ-қа сұхбат беру үшін прокурордан рұқсат алуы тиіс – депутаттар талапқа қарсы

13.03.2024, 11:12
Адвокат айыпталушыны қорғап БАҚ-қа сұхбат беру үшін прокурордан рұқсат алуы тиіс – депутаттар талапқа қарсы
Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс депутаттарының қарсылығына қарамастан заңда адвокаттар бәрібір прокурорлардың рұсқатын алуға міндетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутат Үнзилә Шапақ қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасындағы бірқатар нормаға байланысты сұрақ қойды. Оның сөзінше, адвокатқа өз қорғуындағы адамға қатысты қылмыстық қудалау органдарының жарияланымын, тергеп-тексеру деректерін теріске шығаруды БАҚ-қа жариялау құқығы берілген. Алайда адвокат мұны тек прокурордың рұқсатымен жасай алады.

«Адвокат БАҚ-та теріске шығаруды беру үшін неге прокурордың рұқсатын алуы тиіс?» - деп сұрады ол.

Бұл сұраққа жауап берген бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеді.

«Тергеуші де, басқа іске қатысушылар да тергеу деректерін прокурордың рұқсатымен ғана жариялай алады. Себебі ол тергеу құпиясын сақтауы керек. Сондықтан, біз тараптан еш қысым болмайды. Тек қорғаушы прокурордан тергеуші сияқты келісім алады. Ол тараптардың теңдік қағидасын сақтауға мүмкіндік береді. Қорғаушы да, тергеушілер де тергеу деректерін жарияламауға қолхат береді. Оны бұзса жауапкершілікке тартылады», - дейді ол.

Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында саладағы мәселелердің 3 негізгі блогы теңдестірілген түрде пысықталған. Олар: азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процестің бәсекелестігін нығайту, қылмыстық процесті оңтайландыру және «бюрократиясыздандыру.