×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңа адамдар керек болды: Қошанов премьер-министрдің ауысуы жайлы

13.03.2024, 14:48
Жаңа адамдар керек болды: Қошанов премьер-министрдің ауысуы жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, саяси партияның жауапкершілігі сайлаушылардың дауысымен өлшенеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтан журналистер жетекші партия (Аманат) үкіметтің іс-әрекеті үшін – өткенге де, қазіргіге де жауапты ма деген сұрақ қойылды.

– Біріншіден, қандай жауапкершілік бар? Біз саяси партия, қоғамдық ұйымбыз. Партия өз сайлаушылары алдында жауап береді. Біздің жауапкершілігіміз сайлаушылардың дауысымен өлшенеді. Егер олар сенсе – дауыс береді.

Қандай қателіктер үшін? Егер бұрынғы үкімет туралы айтар болсақ, онда мемлекет басшысы оған баға берді. Мен бұл үкіметтің жұмысында үлкен сәтсіздік болды деп айта алмаймын. Бұл туралы экономикалық көрсеткіштер айтады. Экономикалық өсім 5 пайыздан асты. Инфляция екі есе төмендеді. Инвестициялар жақсы көлемде келді.

Әрине, жылдар бойы жинақталған шешілмеген мәселелер бар. Энергетика, инфрақұрылым, халықтың несиеге батуы. Әрине, біз бұл саяси жауапкершілікті бөлісеміз, - деді ол.

Жаңа премьер

– Ал жаңа үкіметке біз сенім білдірдік. Себебі жаңа, үлкен және өршіл міндеттер тұр. 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді екі есе өсіру керек. Экономиканың жыл сайынғы өсімін қамтамасыз ету міндеті бар. Капиталды қайтару бойынша үлкен міндеттер тұр. Жаңа адамдар керек болды. Бектеновтың кандидатурасы ең қолайлы, - деді Қошанов.

Үкіметтің отставкасы

Аз уақыт бұрын Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен болатын. Ол 2022 жылы қаңтардағы оқиғалардан кейін премьер-министр болып тағайындалған. Ол тұста Әлихан Смайылов Асқар Маминнің орнына келді. Мәжіліске сайлаудан кейін Смайылов өз қызметін сақтап қалды.