×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Сәресіде кешігіп ауыз бекіту қауіпті - Нұрлан имам

16.03.2024, 18:30
Коллаж Ulysmedia

Дінтанушы, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы Jibek Joly  телеарнасындағы «Ораза қабыл болсын» бағдарламасында көрермендердің оразаға қатысты сұрағына жауап берді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тікелей эфирге хабарласқан көрермен «Ораза кезінде ауыз бекітер кезде кейде 5-10 минут кешігіп ауыз бекітемін. Тамақ жеп-жеп алайын деп. Осылай кешігіп бекітемін, бола ма?» деді.

«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді. Сондықтан сіз ауыз бекітер кезде он минут кешіккеніңіз өте қауіпті. Тіпті, бұл оразаның дұрыс болмауына әкеп соғады. Сондықтан он минут кешігіп жегенше, он минут ерте тұра салыңыз. Ұялы телефоныңыздағы оятқышты 10-20 минут ерте қойыңыз», - деді имам.

Естеріңізге салсақ, танымал имам Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде өзін сынайтын әріптестеріне жауап берген болатын.

Серіктес жаңалықтары