×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин өмірден озды

30.10.2021, 09:32
Фото: ашық дереккөз

Алматыда танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Telegram парақшасында жазды.

«Бүгін Алматыдан қаралы хабар келді. Досым, әріптесім Евгений Гайдамакин өмірден озды.

Біз «Караван» газетінің редакциясында, «Наш Спорт» сайтында жұмыс істедік. Кейін де жұмыс бойынша жиі кездесетінбіз. Сосын Алматыда жиі футбол ойнадық, ортақ достарымыз, іссапарлар көп болды.

Соңғы кездері ол YouTube-тегі Sports True жобасымен айналысып жүрген. (...)

Коронавирус бізден 40-қа да толмаған талантты журналисті алып кетті», - деп жазды Айдын Қожахмет.

Серіктес жаңалықтары