×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ресейдің Алматыдағы бас консулдығында шамамен 1,5 мың адам дауыс беруде

17.03.2024, 14:21
Азаттық

Бүгін - Ресейде президент сайлауының үшінші күні. Елімізде сайлау учаскелері ашылды. Ресей азаматтары Ресейдің Астанадағы елшілігіндегі консул бөлімінде, Алматыдағы бас консулдық пен Өскемен және Оралдағы консул бөлімшелерінде дауыс беріп жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz "Азатттыққа" сілтеме жасап.

“Азаттықтың” хабарлауынша, Алматыда Жандосов көшесіндегі консулдыққа түске дейін шамамен 1.5 мың адам келген. Жұрт аяғы әлі басылмады.

Көшеде ұзын-cонар кезек қалыптасты. Сайлау учаскесіне екі жерден кіргізіп жатыр.

Бұған дейін Ресей оппозициясы "Путинге қарсы талтүс" акциясын жариялаған. Бұл уақытта билікке қарсы электорат сайлау учаскелеріне келіп, жақтастарымен кездесуге тиіс. Алматыда консулдық маңына жиналғандар талтүсті шағын қол шапалақтаумен қарсы алды.

Сайлау учаскесінің сыртында экзит-пол істеп тұр, айналада полиция жүр.

“Азаттық” сөйлескен ресейліктердің басым бөлігі Кремль Украинаға соғыс жариялағаннан кейін немесе 2022 жылғы қыркүйектегі мобилизациядан соң Қазақстанға келгенін айтқан. Сол кезде Қазақстанға шамамен 400 мың ресейлік кіргені хабарланған еді. Басым бөлігі кейін үшінші елге кеткен.

Тәуелсіз бақылаушылар мен сарапшылар сайлауды еркін емес әрі бәсеке жоқ деп бағалаған. Сайлауға бірде-бір оппозиция кандидаты жіберілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары