Күдікті әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында көліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні Түркияда жүрген жерінен ұстап, елге жеткізді.
"Полиция алаяқтықтың 17 фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.