×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Боксшы Әлімханұлының кезекті қарсыласы кім

17.03.2024, 18:35
sports.kz

Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімахнұлы (15-0, 10 КО) ұлыбританиялық нокаутшы Хамза Ширазмен (19-0, 15 КО) жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұған дейін Шираз қазақстандыққа қарсы жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ал оның промоутерлік компаниясы болуы мүмкін жекпе-жекке дайындала бастады.

"Queensberry Promotions жеңіліп көрмеген Хамза Ширазды IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығаруды жоспарлап отыр. Егер ол жеңсе, Шираз 160 фунттық дивизионның королі атанып, табысты жекпе-жектерге жол ашылады", - деп хабарлады Boxing Studs Noticias.

Хамза Шираз – орта салмақтағы WBO рейтингінде көш бастап тұр және титулға негізгі үміткердің бірі. Жәнібек Әлімханұлы белбеуді 2022 жылдан бері иеленіп келеді.

Естеріңізге салсақ, Qazaqstan телеарнасына сұхбат берген Qazaq Style алдағы жоспарларымен бөліскен болатын.

- Бізде қазір екінші орта салмақтағы әлем чемпионы «Канело» болып тұр. Оны 100 пайыз жеңе аламын. Өйткені мен оның әрбір жекпе-жегін, жаттығуларын білемін. Бақылап отырамын. Қарап жүремін. Оның кемшілігі мен артықшылығын айта аламын. Оның бәрін дәптерге жазып отырамын. Егер онымен қолғап түйістіретін болсам, қандай тактика қолданып, қандай айламен жеңу керектігін білемін. Мен оны бір раундта үш рет құлата аламын. Бұл жай сөз емес. Құдай қаласа, кездесіп жатсақ, іспен дәлелдеуге тырысамыз, – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазақ боксшысы соңғы жекпе-жегін былтыр 14 қазанда неміс Винченцо Гуальтьеримен өткізіп, атыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол өзінің WBO титулын қорғап, қарсыласында болған IBF чемпиондық белбеуін иеленді.

Серіктес жаңалықтары