×
443.16
480.39
4.94
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.16
480.39
4.94

«Путин жеңіске жетті»: Ресейдегі сайлаудың алғашқы қорытындысы шықты

18.03.2024, 08:00
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейде президент сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы алдын-ала мәлімет бойынша, президент Владимир Путин 87%-дан астам дауыспен жеңіске жеткенін хабарлады, деп жазады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресми мәліметтер, Путин жалпы дауыстың 87,38% алып жеңгенін хабарлайды. Оның бәсекелестері жалпы дауыстың 13%-нан аз алған. 

Алғашқы экзит-полдардың нәтижесі Мәскеу уақыты бойынша сағат 21:00-де жарияланды. Оның бәрі Владимир Путиннің сенімді түрде жеңіске жеткенін жария етті.

2018 жылы сайлауда сайлаушылардың 67,54% дауыс берген. Бұл жолы ресми билік дауыс берушілердің 74,22% сайлауға келгенін хабарлады.

Украинаның оккупацияланған облыстарында да Ресей билігі дауыс беруді ұйымдастырды. Батыс елдері оны бірнеше рет Украина егемендігін бұзу деп атады. Ресей армиясы алып жатқан Запорожье территорияларының, сондай-ақ Херсон, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары сайлауға қатысуға мәжбүр болды. Оларға қарулы әскерилердің сүйемелдеуімен комиссия мүшелері келген.

Алдыңғы сайлауда, 2018 жылы Владимир Путин 76,69% қорытынды нәтижемен жеңіске жеткен еді.

Сайлау өткен күні Ресейдің әртүрлі қаласында халық наразылығын білдірді. Бірі сайлау жәшігіне сұйықтық шашса, енді бір қалада учаскеге газ шашып кеткен. 

Серіктес жаңалықтары