Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның ең танымал 1728 дәрі-дәрмекті еркін айналымға шығару жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжіліс алаңында Ақмарал Әлназароваға Денсаулық сақтау министрлігі биыл дәрі-дәрмек бағасын көтеруді жоспарлап отыр ма деген сұрақ қойылды.
Өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет дәрі-дәрмектің 303 түріне бағаны реттеуден бас тартты. Бұл туралы бізден бизнес пен медицина қауымдастығы өтінді. Бір жыл ішінде баға 14-15 пайызға өсті. Биыл 1728 дәрі-дәрмек түріне бағаны реттеуден бас тартуды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ біз бұл процесті тоқтатып, сараптама жүргізу туралы шешім қабылдадық, - деді Әлназарова.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі енді дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеуден бас тарту елдегі инфляцияға қалай әсер ететінін талдауға ниетті.
Жалпы, біз екінші жартыжылдықта дәрі-дәрмектің осы түрлеріне бағаны реттеуді кезең-кезеңімен алып тастауды жоспарлап отырмыз. Бұл препараттарға антибиотиктер, антигистаминдер және жөтелге қарсы препараттарды қоса алғанда, халық арасында ең жиі сатып алынатын және сұранысқа ие дәрілер бар, - деді министр.