×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын Олимпиада-2024 ашылуына қатыстырмайды

20.03.2024, 08:21
youtube

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей мен Беларусь спортшыларына 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты шеруіне қатысуға тыйым салғанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қабылданған шешімге сәйкес, ресейлік және беларуссиялық спортшыларға 26 шілдеде ашылу салтанатына қатысуға тек көрермен ретінде қатысуға рұқсат етіледі.

Ресей мен Беларусьтың 58 спортшысы жарысқа жіберіледі, бірақ олар ұлттық туларының астында емес, тек бейтарап күйде қатысады. Спортшылар Ресейдің Украинаға басып кіруін көпшілік алдында қолдамауы әрі әскери немесе мемлекеттік ведомстволарға тиесілі болмауы керек.

Серіктес жаңалықтары