×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ресей Киевке «Кинжал» зымырандарымен шабуыл жасады

21.03.2024, 10:53
"Кинжал" гипердыбысты зымыраны бар РФ ұшағы/wikipedia

Украина әуе күштері Киев бағытында Х-47М2 "Кинжал" аэробаллистикалық зымырандарымен атқыланғанын хабарлады, деп жазады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Киев 21 наурыз, бейсенбіге қараған түні Ресейдің зымыран шабуылына ұшырады. Сағат 05.00-де Украина әуе күштері Киев бағытында Х-47 М2 "Кинжал" гиперсоникалық зымырандарының ұшырылғанын хабарлады. 

Бұған дейін түнде Мурманск облысындағы Олень аэродромынан 9 ресейлік Ту-95 стратегиялық бомбалаушылары ұшып, аймақта маневр жасап, Украина бағытында қанатты зымырандарды атқаны жөнінде ақпарат келіп түскен болатын.

Зымыранмен атқылау салдарынан
Киевтің Святошин ауданында зымыран сынықтары балабақша ғимараты мен тұрғын үйлерге түскен. Шевченков ауданында автомобильдер өртенді, деп хабарлады қала мэрі Виталий Кличко. Подольск ауданында зымыран сынықтары кем дегенде екі кәсіпорынның аумағына түскен.

Сонымен қатар, зымыран сынықтары Подольск ауданындағы трансформаторлық қосалқы станцияға және екі қабатты тұрғын емес ғимаратқа түскені белгілі болды. Сол ауданда тұрғын үйдің төбесінде өрт шықты. 

Соңғы ақпараттарға қарағанда, зымыран соққысы салдарынан зардап шеккендер саны 10-ға жеткен. 

Украина астанасы мен оның маңындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен құралдары 30-ға жуық жау зымырандарын, соның ішінде баллистикалық зымырандарды қағып түсірді, деп хабарлады Киев қалалық әскери әкімшілігі.

Серіктес жаңалықтары