×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Грекияға ұшып барды

21.03.2024, 17:37
инстаграм/gggboxing

Геннадий Головкин Ұлттар Лигасының плей - офф жартылай финалы аясында Греция-Қазақстан матчына қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті Грекия астанасына Головкин Қазақстан футбол федерациясының шақыруымен жеткенін хабарлады.

– Геннадий Головкин Ұлттар лигасының плей - офф жартылай финалы аясында Грекия-Қазақстан матчына қатысады. Ол трибуналарға қатысып, маңызды ойынға қолдау көрсетеді, - деп хабарлады ҰОК.

Ұлттық құрама матчы

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа-2024 чемпионатына іріктеу науқанын жалғастырып жатыр. Қазақстандық футболшылар Грекияны қалай болса да жеңуі керек. Бұл плей-офф финалында ойнауға мүмкіндік береді. Жеңімпаз Еуроға жолдама алады.

Грекияға қарсы матч 22 наурызға қараған түні өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 00.45-те басталады.

Серіктес жаңалықтары