×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қазақ тілінде Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2024, 11:41
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қазақ тілінде Наурыз мейрамымен құттықтады
скриншот

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Даниэль Розенблюм қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Дәстүріміз, сыйластығымыз жалғассын, – деді АҚШ елшісі.

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні. Бұл мейрамды атап өту деңгейі жыл сайын Қазақстанда кең сипат, ауқым алып, бірнеше күн тойлау мәдениеті қалыптасып келеді.

Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.

Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге жолығады. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас тағам дәстүрлі болып саналады. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.