×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Мәскеуде теракт салдарынан сұлулық байқауының жеңімпазы қаза тапты

24.03.2024, 15:18
Фото: ашық дереккөз

«Тверь аруы – 2001» сұлулық байқауының жеңімпазы Екатерина Новоселова Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» ғимаратына жасалған шабуыл салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости ақпарат агенттігінің жазуынша, Екатерина Новоселова РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің теракт салдарынан құрбан болғандардың тізіміне кірген. «Тверь аруы – 2001» атағының иесі лаңкестік әрекеттің құрбаны болғаны туралы ақпаратты 2001 жылы сұлулық байқауының ұйымдастырушысы болған «Шарм» модельдік агенттігінің экс-директоры Ольга Даргеевич растады.

Бұл расымен болған ауыр оқиға, бұл үлкен қайғы, – деді Ольга Даргеевич.

Ол бұл ақпарат алғаш рет БАҚ-та пайда болғанын айтты.

Мен Катяның анасынан «журналистер бірдеңе жазып жатыр, мүмкін қателік кеткен болар, Катя аман ба?» деп сұрадым. Ол маған бір-екі ауыз сөз жазып, Катяның қайтыс болғанын айтты, – деді РИА Новости агенттігіне сұхбат берген ол.

Оның айтуынша, Екатерина бұрын Тверьде тұрған, бірақ Тверьде ғана емес, басқа аймақтарда да шоулар мен байқауларға қатысқан. 2001 жылы ол «Тверь аруы» атағын жеңіп алған. Ол университетті бітіріп, банкте қызмет еткен, кейін Мәскеуге көшкен.

Оның артынан екі баласы қалды – ұл және қыз. Өте жарқын, мейірімді, ақылды қыз еді, ең мейірімді адам болған. Біз таңғалдық, расымен қайғылы оқиға болғанына әлі сене алмай отырмыз, – деді Даргеевич. 

Еске салайық, Мәскеуде болған лаңкестік әрекеті салдарынан 152 адам зардап шекті

Серіктес жаңалықтары