×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда аграршыларға дизель отыны литріне 45 теңге төмен бағамен беріледі

26.03.2024, 10:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сәтқалиевтің хабарлауынша, 2023 жылы көктемгі дала жұмыстарына 419 мың тоннаның 402 мың тоннасы немесе 96 пайызы тиеп-жөнелтілген. Бағасы «МӨЗ қақпасында» ҚҚС-пен тоннасына 222 мың теңге (185 теңге/литр)

– 2023 жылы күзгі дала жұмыстарына премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес 426 мың тоннаның 326 мыңы немесе 76,6 пайызы тиеп-жөнелтілді. Бағасы барлық 20 өңірдегі межелі станциядағы ҚҚС-пен литріне 250 теңге. 2023 жылы барлығы 845 мың тоннаның 728 мың тоннасы немесе 86 пайызы тиеп-жөнелтілді. 117 мың тонна немесе 14 пайызы талап етілмеді, – дейді министр.

Өз кезегінде операторлар 728 мың тоннаның 688 мың тоннасын сатқан. 40 мың тоннасы сатылмай, олар Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының өңірлік резервуарларында орналасқан және 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін пайдаланылуы мүмкін. Тиеп-жөнелту тек қана облыстардың әкімдіктері айқындайтын оператор-компаниялардың өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады

– Биыл энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан-30 маусым аралығында «2024 жылғы көктемгі-дала жұмыстарына 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу бойынша кестесін бекітті. 2023 жылдан баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі станцияда ҚҚС-пен литріне 250 теңге және АЖҚС бөлшек сауда бағасынан литріне 45 теңгеге арзан немесе 15 пайызға төмен, – дейді ол.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алынған. Дизель отынын сары, көк және қызыл түске боялған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ЭШФ АЖ жүйесінде АШТӨ дизель отыны үшін жеке виртуалды қойма құрылған.

Серіктес жаңалықтары