×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Starlink терминалдары Қазақстандағы қара нарықта сатылып жатыр – Bloomberg

26.03.2024, 16:30
Starlink терминалдары Қазақстандағы қара нарықта сатылып жатыр – Bloomberg
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бірнеше елдің қара нарығында Илон Масктың SpaceX компаниясының Starlink спутник терминалдары заңсыз сатылып жатыр, деп дабыл қағады Bloomberg.

SpaceX компаниясының спутник байланысын пайдалану үшін мемлекеттердің үкіметтерімен келісім жасасу қажет. Келісім болмаған жағдайда адамдар Starlink-ті ресми қамту аймақтарынан тыс жағдайда пайдаланып жатыр. 

Bloomberg Қазақстанда, Йеменде, Суданда, Венесуэлада, Оңтүстік Африкада және Ресей басып алған Украина аумағында Starlink терминалдарының заңсыз пайдаланудың көп мысалын тапқанын жазады.

Space X 2019 жылы спутниктік байланыс орната бастады. Бүгінгі күнге дейін Starlink шамамен 5500 спутниктік желі арқылы кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

2023 жылдың қазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы бойынша кең жолақты интернетке тест режимінде қосылды. Бұл желіде деректерді беру жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді. Қазақстанда жеке тұлғаларға Starlink пайдалануға тыйым салынады.

2024 жылғы ақпанда Қазақстанға Starlink компаниясынан жабдықтардың бірінші партиясы келді. Спутниктік жүйенің жоспарланған 2000 жиынтығының тек 500-і ғана жетті.

Сол айда мәжіліс депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын қабылдады.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда геостационарлық емес спутниктерді (StarLink, OneWeb) пайдалана отырып, байланыс технологияларын енгізу үшін 2026 жылға дейін реттеуді ерекше реттеу енгізіледі. Қабылданып жатқан шаралар шалғай ауылдардағы әлеуметтік нысандарды интернетпен қамтамасыз етуге көмектесуі керек.