×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әлия Назарбаевадан босаған бизнеспен 200-ге жуық компанияның айналысуына жол ашылады

28.03.2024, 10:47
Әлия Назарбаевадан босаған бизнеспен 200-ге жуық компанияның айналысуына жол ашылады
Коллаж Ulysmedia

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта зауыттар мемлекеттік мүлік комитеті құзырында, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі «ӨКМ Операторы» зауыттарының тағдыры туралы сұраққа жауап берді.

Шын мәнінде, «ӨКМ»-нің мемлекет меншігіне берілуіне әрі сот дауларының қорытындысы байланысты… Казір зауыттар мемлекеттік мүлік комитетінің құзырында. Жақын арада зауыттардың тағдыры шешіледі деп ойлаймын.

Бірақ маңызды мәлімет: бұрын монополия болған. Бүгін біз нарықты зерттедік, өзгерістер енгіздік. Бүгінде рұқсаты бар кәсіпорындар кәдеге жаратумен айналысуға құқылы. Елде 196 кәсіпорын бар. Мүмкін бәрі бірдей жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ кез келген жағдайда әр аймақта бизнес дамып, көлікті кәдеге жаратумен айналысады, - деді министр.

Еске сала кетейік, бірінші сатыдағы сот 2023 жылдың шілдесінде «ӨКМ Операторының» ісі бойынша үкім шығарған еді. Сол кезде экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, Коротенко және бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек кінәлі деп танылып, бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын алды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 26,8 млрд теңгені құрады.