×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Cоттың көзі соқыр, құлағы керең бе немесе наразы топ неге арнайы комиссия құруды талап етті

29.03.2024, 10:04
Фото: Ulysmedia

Бүгін Астананың сол жағалауында әділетсіз сот шешіміне наразы болған топ арнайы жиналып,  билікке үндеу жасады. Жиналғандар еліміздің түрлі өңірінен келгендер. Бәрінің жолы бөлек болғанымен, мақсаты біреу ғана. Ол – жоғарғы билікке жетіп, әділетсіз сот шешімдерінен зардап шеккендерін айту. Белсенділер Ulysmedia.kz тілшісіне түсіндіргендей, олардың мәселені шешуге деген барлық талпынысы нәтиже бермеген. Сол себепті естуші мемлекеттің бас қаласына аяқтай келіп, арзуын жақыннан жеткізуді мақсат етіпті. Министрліктер үйі алдына жиналған топ наразылық акциясын өткізді.

Бізді ешкім тыңдағысы да, қабылдағысы да келмейді

Наразылық акциясы үшінші күн жалғасып жатыр. Бүгін министрліктер үйінің Азаматтарды қабылдау орталығында бір топ адам өз наразылықтарын білдіруді жөн көрді. Олар Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев арызымызды тыңдаса дейді. Қойып отырған талаптары – заңсыз сот шешімдері бойынша арнайы комиссия құру, оның құрамында Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Президент Әкімшілігі және басқа да органдардың өкілдері болуы керек. Азаматтардың өтініштеріне жауапты Президент Әкімшілігінің қызметкерлері,  жиналғандардың айтуынша, мәселені шешуге асығар емес.

Үміттері үзілген азаматтар арыз-шағымдарын тек арнайы комиссия арқылы ғана жан-жақты тексеруге қол жеткіземіз деп санайды, себебі басқалай оларға тек шығарып салма жауап беретін көрінеді.

– Сот жүйесі өте корпоративті және жабық. Олар бізді естігісі де, көргісі де келмейді. Олар тіпті мәселені түсінбестен, дайын жауаптар жазумен  айналысады. Ешкім біздің мәселемізді шешкісі келмейді.

Біз сотқа қысым жасап отырған жоқпыз, тек егжей-тегжейлі тексеруді қалаймыз. Бізде адамдар өз үкіміне шағымдана алатын прецеденттер бар. Бірақ қандай жолмен? Олар өздерін еріккеннен өртеп жібермейді. Біздің топтағы бір әйел бауырының кінәсіздігін дәлелдеу үшін күре тамырын орып жіберуге мәжбүр болды», - дейді Астана тұрғыны Динара Әбдікенова.

Жиналған топтың ішінде облыстардан келген әртүрлі жастағы азаматтар бар, олардың әрқайсысының Азаматтық немесе Қылмыстық кодекске қатысты өз проблемалары бар. Бірақ олардың барлығы сот жүйесінде хаос болып жатыр деп есептейді.

Қаржы пирамидасы

Топ жетекшісі – астаналық Динара Әбдікенова. Ол қаржылық пирамиданың құрбаны болған. Оның ісінде бастапқыда 9 күдікті болған, кейін 8 адам қалған. Күдіктілер қатарынан шығып қалған азамат –  бизнес ортада әжептеуір танымал тұлға Гүлмира Шажанбаева.

- Бұл істі дереу тоқтату мақсатында оны басқа іске ауыстырды. Ол бұрынғы судьялардың бірі Касимов Ақылтайдың азаматтық некедегі әйелі. Касимов кезінде Жоғарғы Соттың судьясы, қылмыстық істердің төрағасы болған. Шажанбаева екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, аман-сау шықты», – дейді наразы топ өкілі.

Есірткі арналарымен күрес

Наразылық шарасына қатысушының бірі өзін Жолдас деп таныстырған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері. Ол Жамбыл облысында ірі есірткі арнасымен күрескенін, сол үшін қамауға алынып, адамтөзгісіз жағдайды бастан кешіргенін айтып берді.

– Біз Азаматтарды қабылдау орталығына елде бейберекеттік болып жатқандықтан келдік. Мемлекет басшысының шешімдері мен реформаларына қарсы топтар берілген тапсырмалар мен қойылған міндеттерді әдейі орындамай отыр. Мен, мемлекеттік қауіпсіздік полковнигі, президентке жүгінгенім үшін, есірткі арнасына қарсы болғаным үшін заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырап, изоляторға қамалып, 5 күн ас-сусыз отырдым. Қордайда есірткі арнасы жұмысын жүйелі жалғастыруда. Мен барлаудың бұрынғы бастығымын, үкіметтік комиссияның бұрынғы мүшесімін. Пара алмаған адамға тағы не істеуге болады? Сондықтан олар ұсақ бұзақылық істі ойдан шығарып, мені сүргінге салмақ болды, - дейді ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері.

Менің әйелім СИЗО-да түсік тастады

Ulysmedia.kz тілшісі сұқбаттасқан үшінші адам – Алматы облысынан келген Қаниев Болатбек. Ол түрмеде 2,5 жыл отырған жарының кінәсіздігін айта келіпті. Ер адам әйелінің облыстық ішкі істер департаментінде қарапайым қызметкер болғанын және оған бірнеше миллион доллар ұрлық ісі ілінгенін айтты.

Әйелі 8 жылға сотталып, тергеу изоляторында түсік тастаған.

– Ол жерде үлкен ұрлық болып жатыр – 707 миллион теңге шығын келген. Ішкі істер органдарына қыруар қаржы бөлініп, оның барлығы жалған адам арқылы жүргізілді. Әйелім қарапайым маман болып жұмыс істеді, оны бағдарлама әкімшісі, яғни полиция органдарына берілген қаражатты бөлуші етіп тағайындады. Ереже бойынша тек бес адам ғана бағдарлама әкімшісі бола алады. Олар: департамент бастығы, екі орынбасары, қаржы бөлімінің басшысы және оның орынбасары. Қарапайым маман болып жұмыс істейтін әйелімді әкімші етіп қойған, басшылықтың ешқайсысы жазаланбады, - дейді Болатбек.

Наразы топ Азаматтарды қабылдау орталығының ғимаратында бірнеше сағат тұрып, кейін олар президент Тоқаевқа видео үндеу жасады.

– Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа  жолдауларында айтылған тапсырмаларды пысқырмайды. Бұл Президент жүргізіп отырған саясатқа қарсы тараптың ісі деп білеміз. Мен бұл сөзден қорықпаймын, өйткені біз соған тікелей куә болып отырмыз. Біз барлық мемлекеттік органдардың есігін қақтық, бірақ бұл нәтиже бермеді. Біз Қазақстанда әділдік орнауы үшін, әрбір адам өзінің конституциялық құқықтарын пайдалана алуы үшін бар күш-жігерімізді салғымыз келеді. Мемлекетіміз бізді тыңдап, мәселемізге қатысты тиісті шешім қабылдайды деп үміттенеміз», - деді наразылық білдірушілер видеоүндеуде.

Айта кетейік, полиция рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысушыларға тиіспеді. Тек жандарына барып, тыныштықты бұзбауды және арнайы белгіленген жерге барып тұруды сұрады. Шерушілер өздеріне СОБР жіберіледі деп күткен еді, алайда Азаматтарды қабылдау орталығындағы наразылық акция полицияны «ерекше тебіренте» алмады.

Серіктес жаңалықтары