Испанияда «Нельсон» дауылы салдарынан төрт адам жан тапсырды. Бір серфингші тікұшақтың көмегімен судан шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Euronews-ке сілтеме жасап.
Бір күн бұрын Каталонияның оңтүстігіндегі Таррагонда екі адам суға батып кетті. 16 жасар бозбала мен оны құтқарам деп суға секірген германиялық 32 жастағы турист мерт болды.
Елдің солтүстігі Астурияда теңіз толқындарының биіктігі 8 метрге жеткен, екі адам көз жұмғаны хабарланды.
Жұма күні Кантабрияда шұғыл тікұшақ серфингшіні құтқарды.
Көптеген ауданда қатты жел соғып, ағаштар құлаған, жол көрінбейді. Салдарынан демалыс күндерінің соңына дейін қызғылт сары ескерту сақталады.