×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Биыл елде қант 53%-ға дейін қымбаттады

01.11.2021, 10:07
Фото: Ашық дереккөзден

Сектордағы өндіріс 2,5 есе өсті

2021 жылғы қаңтар–қыркүйекте елде 195,5 мың тонна қант өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе көп. Өңірлік бөліністе Жамбыл облысы көш бастап тұр: 117,9 мың тонна, жылдық өсім — 2 есе. Содан соң Алматы облысы: бір жылда 4,6 есе, 74,6 мың тоннаға дейін өсті. Екі жетекші өңір сектордағы барлық өндірістің бірден 98,5%  құрады.

Бір қызығы, былтыр  елдегі қант өндірісі 147,5 мың тоннаны құрап, бір жыл ішінде бірден 41% - ға төмендеді. Секторда өнім шығару көлемінің төмендеуі қатарынан 5 жыл (2016 жылдан бастап) байқалды.

Биыл қаңтар–тамыз айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар қантқа сұранысты 43,4% қамтамасыз етті, бір жыл бұрынғы 15,4% болған.

Дегенмен, импорт үлесі тиісінше 56,6% болды. Осы кезеңде өндірістің айтарлықтай өсуіне байланысты импорт бір жылда 42,6%, 175,4 мың тоннаға дейін қысқарды.

Ішкі нарықта 307,9 мың тонна сатылды. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 11% аз.

Биыол қыркүйек айында еліміздің базарлары мен дүкендерінде қанттың бір килограмы орташа есеппен 284 теңге болды.

Ірі қалалар мен мегаполистер арасында ең қымбаты астанада (320 тг), Атырауда (315 тг) және Павлодарда (301 тг), ең арзаны Таразда (245 тг) болды.

Өңірлік бөліністе қант бағасының өсуі Шымкентте ең қатты сезілді — бір жылда бірден 53,3% өскен. Сондай-ақ, айтарлықтай өсім Түркістан (45,1%) және Батыс Қазақстан (44,9%) облыстарында тіркелді. Бағаның ең төмен өсуі Алматыда — бір жыл ішінде 17,3% өсім тіркелді.

Қазақстандық өндірушілер қант пен қант құрағын бажсыз әкелуді ұзартуды ұсынады.

Жеңілдік ЕАЭО елдерінде мамыр айының ортасынан қыркүйек айының соңына дейін қолданыста болды. Бұл отандық зауыттардың жұмысына жағымды әсер етуі мүмкін, деп атап өтті салалық қауымдастық. Бұған дейін шикізат 5% баж салығымен сатып алынған. Сондай-ақ, бажсыз импортты ұзарту елдегі қант құнының төмендеуіне әсер етеді. Болжам бойынша, қанттың босату бағасы әр кг үшін 300-320 тг аралығында өзгереді.

Серіктес жаңалықтары