×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Төрешілер жеңісті ұрлады: Әлем чемпионатында қазақ боксшысына қатысты шу шықты

01.11.2021, 13:58
Төрешілер жеңісті ұрлады: Әлем чемпионатында қазақ боксшысына қатысты шу шықты
фото: Olympic.kz

Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкіліне қатысты жанжал шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің сербиялық Омер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырды. Жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақстандық жеңіске жетті, дейді vesti.kz.

Сербияның бокс одағы бұл шешімді «ұят» деп атап, төрешілерді «жеңісті ұрлады» деп айыптады.

«Төрешілер шешімі біздің боксшымызға қарсы болды», - деді одақ президенті Слободан Джурич.

«Серб боксшыларының бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерінде осындай болды. Төрешілер бәрінің көзінше қарсыластарына алғашқы раундты берді. Дегенмен бұл раундтар боксшыларымыздың таза жеңісі еді», - деді ол.

Функционер жекпе-жек нәтижелеріне шағымданғанын айтты.

Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе, қазақстандық әлем чемпионаты жүлдесіне ілігеді.

Бұған дейін де өзге қазақ боксшысы Олимпиада чемпионын жеңіп, Өзбекстан тарапы даулы мәлімдеме жасаған болатын.