×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарғын су басқан Құлсарыда екі адамның денесі табылды

07.04.2024, 12:56
Қарғын су басқан Құлсарыда екі адамның денесі табылды
ТЖМ

Бүгін 7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге  рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда жолдан шығып аударылған.

Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.