Мәскеудегі «Кроус Сити Холлда» теракт жасады деген 4 күдікті ФСБ қызметкерлеріне жауап беріп жатыр, жеп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ресейлік телеарналарға сілтеме жасап.
Видеоны Ресейдің бірінші арнасы жариялады.
– Теракттан соң қандай жоспарларың болды? – деп сұрайды ФСБ қызметкері.
– Киев жаққа бару, - деп жауап береді күдікті Далерджон Мирзоев.
– Сізге кім нұсқау берді?
– Сайфулло.
Терактты жасады деген төрт күдікті де “Сайфулло деген нұсқау берді” дейді. Ол «Кронкус Сити холлда» теракт жасаңдар» деп тапсырғанын айтады.
Күдікті Саидакрами Рачабализода: «Сайфулла бізге Украинаға – Киевке барыңдар» деп айтты. «Сол жақта бір миллион рубль береді» деді, – деп жауап бергенін көруге болады.
Тағы бір күдікті Мухаммадсобир Файзов: «Бір миллион рубльді алу үшін Киевке бардық» дейді.
Теракт жасаған соң күдіктілер әрқайсысы гонарарын алу үшін көлікпен Мәскеу Киев батығындағы М3 тасжолына шығып, сағатына 170 км жылдамдықпен жүрген. Дегенмен полицейлер оларды Украинаға 141 шақырым жетпей, Коммуна поселкесінде ұстаған. Олардың смартфондары тәркіленген. Белгілі болғандай, күдіктілер Сайфулладан соңғы уақытқа дейін хабар алмасып тұрған.
Мухаммадсобир Файзов: «Сайфулла бізге шекарада жігіттер күтіп алатынын, шекарадан өтуге көмектесіп, ары қарай Киевке жеткізетінін айтты» деп куәлік береді.
Белгілі болғандай, олар Чуйковка және Сопычь деген нулы, орманды елді мекендерге арқылы Украина жеріне өтпекші болған көрінеді.
«Ол бізге «Киевке қарай жүре беріңдер. Шекараға жеткенде көліктеріңді тастап, маған хабарласыңдар. Ары қарай өзім көмектесемін» деп айтты» дейді күдікті Шамсидин Фаридуни.
Далерджон Мирзоев: «Сайфулло «маған қоңырау шалыңдар, ары қарай не істеу керектігін айтамын деді» дейді.
– Алайда күдіктілер ұсталып, тергеуге көмектесіп жатыр. Бүгінде Сайфуллоның жеке басы, сондай-ақ оған кімнің тапсырыс бергені де анықталып жатыр. Қанды оқиғаға Украина тарапының қатысы бары туралы фактілер жеткілікті. Біріншіден, күдіктілер ақшаны Украинадан алған. Екіншіден, оқиғадан соң Киевке қашты. Соңғысы, Украина арнайы қызмет іөкілдерінің күдіктілермен шекара маңында кездесуі. Бұл жоғарыдан тапсырма болмаса, мүмкін емес нәрсе, - деп айтылған сюжетте.
Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.
24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.
Күдіктілер ұсталған сәтте азапталған фото-видеолары телеграм-арналарға тарап кеткен. Күш құрылымдары қызметкерлері оларды ұстаған кезде біреуін тоқпен қинап, екіншісінің құлағын кесіп алған. Тағы бірінің көзі шығып кеткен.