Альпинист және скайраннер Анар Бурашева Kazakh Everest Team спорттық-патриоттық экспедициясы құрамында Эверест шыңын бағындыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл тарихи өрлеу 6 сәуірге жоспарланған және шамамен екі айға созылады.
Жеті альпинист сапында Анар жалғыз әйел болады. Экспедицияны жер шарындағы 8 мың метр биіктегі барлық 14 шыңды бағындырған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев басқарады.
Анар Бурашеваны альпинизммен айналысатын әйелдердің ерлермен бірдей биікке жете алады деген ой шабыттандырады. Ол сегізінші жүзді «жабу» мақсатын қояды - Эверестті бағындырған 800-ші әйел болуды көздейді.
Осы оқиғаға жақындаған Анар өзінің қабілеттеріне күмәнданбайды, әсіресе, оның артында маңызды спорттық тәжірибе, соның ішінде альпинизм бар.
Эверест шыңы туралы не білеміз?
Гималай тау сілемдерінің ең биік шыңы Эверест әлемнің де ең жоғарғы нүктесі саналады. Биіктігі 8848 метр.
Эверест атауы – шыңды ашқан зерттеушінің құрметіне берілген. 1953 жылдың 29 мамырында адам баласы тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңын бағындырды. Жаңазеландиялық зерттеуші Эдмунд Хиллари шерп Тенцинг Норгеймен бірге тарихта Эверестке шыққан алғашқы альпинистер ретінде қалды.
Шыңды бағындыру жолында қанша адам қайтыс болды?
Бірнеше жыл бұрын Непал азаматы Ками Рита Эверестті 24-ші рет бағындырып, рекорд орнатты. 24 жасында шерп атанған Ками Рита Канченджунгу, Чо-Ойю, Лхоцзе және Аннапурн секілді шыңдарды бағындырып үлгерген. Непал туризм департаментінің мәліметінше, 1953 жылдан бері Эверест шыңына 5000-ға жуық альпинист көтерілген. Олардың 200-ге жуығы шыңды бағындыру жолында өмірімен қоштасқан.
Эверест жылына 6,4 мм өсіп, Жердегі ең жылдам өсетін тау шыңы атанған.
Қазақстандық Мақсұт Жұмаев Эверестті екі рет бағындырған
Ал қазақстандық альпинистердің арасында рекорд Мақсұт Жұмаевқа тиесілі. Ол Эверест биігін екі рет бағындырған. Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын алғаш рет 2007 жылы бағындырған. Ол кезде әлемнің биік нүктесіне солтүстік бағытымен шыққан еді. Ал 2018 жылы альпинист оңтүстігімен көтеріліп, әлемнің ең биік нүктесіне екінші мәрте шықты. Негізінен оңтүстік жолы қауіпті саналады. Онда әлемдегі әлемдегі ең қозғалмалы мұздық Кухумбу бар. Ол мұздықтар күніне 1 метрден жылжып отырады. Қазақстандық альпинист Эверест шыңын оңтүстігінен де солтүстігінен шығып бағындырған жандар қатарына қосылды. Әлем тарихында мұндай жетістікке жеткен альпинистер 10-ға жуық қана.