×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Үкіметтің су тасқынынан зардап шеккендерге 22 млн теңгеден төлейтіні рас па

10.04.2024, 18:44
Фото: ашық дереккөз

Қазнетте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңа үйлер салуға 22 млн теңге төлеуді тапсырғаны туралы жалған ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, су тасқынынан зардап шеккен адамдарға 22 млн теңге төлеу туралы қауесет тарап кеткен.

Қазақстан Үкіметі су тасқынынан қираған әрбір үйдің құрылысына 22 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Дәлірек айтсақ, біз қазір мемлекеттік сараптама сатысында тұрған эскиздік жобаға сәйкес ауданы 80 шаршы метр болатын бір тұрғын үйдің құны туралы айтып отырмыз, – деді ведомствоның ресми өкілі Меруерт Ибраева.

Ол бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар үшін тұрғын үй құрылысына бөлінетінін атап өтті.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде біраз күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызып отыр.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма беріп отыр.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары